Меню KDT
Меню сайта

Новости

Алтын жүрек аналар

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Бестерек орта мектебінің өзін-өзі тану  мұғалімі Кабиева Ш. А -ның өткізген іс-шара сценарийі
2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: а) Қазақстанның Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық руханиқұндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани – адамгершілікбілімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардыңарманы — өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып,«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршағанортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
б) Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдарыарқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпыадам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілікқасиеттерге тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші1: Бүгінгі күнгі мектептің басты мақсаты және негізгі міндетіадамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті, білімді, шығармашылықпенайналысуға қалыптасқан, алдына мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жетужолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру.
Жүргізуші2: Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәні жоғарыда біз айтқан адами асыл қасиеттергежетелейтін, олардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та,жұмбақ та нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние. «Дүниенің бар байлығы – баланың біртамшы көз жасына татымайды».
Жүргізуші1: Құрметті біздің аяулы да, ардақты оқушыларымыз,құрметті қонақтар! Біз бүгін «Алтын жүрек Анамыз» атты мейірімділік іс-шарамызды бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның – туған күніне арналады.
Оқушы-1: Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы, Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы. Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың, Жақындаса түссін деп адамдардың арасы. «Жақындықпен күресіп, жақсылықты жетелеп, Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп.» Дейді бізге Сарамыз, дегеніне панамыз, Өзі бастап барардай бір сәулетті бекетке. (Т.Молдағалиев)
Оқушы-2: Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан, Баспана боп оларға, келе жатсын бұл анаң. Сол балалар үшін, бәйек болып күндіз-түні. Аяп көрген жоқсың сен келгеніңді қолыңнан. (Т.Молдағалиев)
Оқушы-3: Алда талай қиналу, алда талай толғаныс, Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс. Шешек жару, гүл ату – Жер-Ананың төл ісі. Жылағанды жұбату – ел-анадан қалған іс. (Т.Молдағалиев)
Оқушы-4: Риза боп үлкендер де, тіпті сәби нәресте, Балалардың емханасын ашқандығы әлі есте. «Киндердорф» медалі мен ЮНИСЕФ-тің сыйлығы, Алтын жүрек Анамыздың мәртебесі емес пе?! (С.Тыныбаев)
Оқушы-5: Өзі аялап, мәпелеп, ғұмыр жайлы жыр еткен, Үміт күткен Анамыз сол өсірген түлектен. Ұғындырды өмірдің жақсы, жаман тұстарын, Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен. (С.Тыныбаев)
Оқушы-6: Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз, Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз. Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз, Құтты болсын мерейтой, Алтын Жүрек Анамыз! (С.Тыныбаев)
Оқушы7: Қиялменен кейде бір аспанға ұшқың келмей ме, Әлі бала болсам да, таң қаламын мен кейде. Сара апамыз бір өзі даңқын елден асырып, «Бөбек» қорын көтерді халықаралық деңгейге. (С.Тыныбаев)
Оқушы-8: Мерейтойың құтты болсын Сара апа Әлемдегі апалардан дара апа. Бал жүрекпен сізді жақсы көреміз Ұзақ өмір бақыт тілеп жүреміз.

Жүргізуші2 Құрметті Сара Алпысқызы! Сіздің қайырымдылық, мейірімділік, ақылдылық адами қасиетіңіздің арқасында қызметіңіздің лайықты бағасын алып марапатталуыңыз біздер үшін үлкен қуаныш, үлкен мәртебе. Сізді жақсы көреміз, рахмет айтаотырып бас иіп құрметтейміз. Жүргізуші1: С. Алпықсызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін-өзі тануына, өзін-өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижеліболатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасаған әрекетінебайланысты.
Жүргізуші2 «Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Ол өзін-өзі сыйлай білуі, ар-ұяты алдында таза болып, әділетсіз, жөнсіз, әдепсіз іс -әрекеттің ақыры неге әкеліп соқтыруы мүмкін екенін білуі тиіс. Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен-жүреккежетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлесін.» (С. Алпысқызы)

Жүргізуші1: Сіздердің назарларыңызға оқушылардың дайындағанана туралы тақпақтарынтамашалап, сайысымызды бастаймыз.
Әділқазылар алқасы: __________________________________________________________________
Қатысатын оқушылар: 1. 4 сынып – 2оқушы 2. 5сынып – 9оқушы 3. 6 сынып – 10оқушы 4. 7 сынып –3оқушы 5. 8 сынып – 3оқушы 6. 9 сынып – 1оқушы 7. 10 сынып – 2оқушы
Жүргізуші2: Сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
Жүргізуші1: Ананың бақыттысы, сымбаттысы, Халқының ардақтысы, қымбаттысы. Өзін-өзі танытып, үлгі еткен, Мың алғыс сізге, Сара Алпысқызы. Жүргізуші2: «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» - демекші, әлемге мейірімін шашу арқылы мұңайғанды қуантып, жылағанды жұбатып, барша халыққа күлкі сыйлаған Сара Алпысқызындай мейірімді болайық, ағайын! Балаларды шеңберге тұрғызып, қол ұстастырып, сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков, әнін жазған: Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнімен іс-шарамызды аяқтаймын

Просмотров: 585

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Закенов Болатхан Нугметович

Опрос

Статистика

  • Осы айда68
  • Осы аптада17
  • Кеше8
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Қажетті сілтемелер