Меню KDT
Меню сайта

Новости

«Адал ұрпақ» еріктілер клубының ашылу салтанаты

«Адал ұрпақ»  еріктілер   клубының  ашылу салтанаты

Қаңтардың 27-сі Бестерек орта мектебінде  «Адал ұрпақ» еріктілер  клубының  ашылу  кеші ұйымдастырылды. Клубтың ашылу мақсаты – өсіп келе жатқан өрендер бойында  адамгершілік, парасаттылық, адалдық қасиеттерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Клуб  қатарына 7-11 сыныптан  оқушылар  қабылданды.  

Іс-шара жиылған оқушылар мен  ұстаздарға  «Шырақ» атты бейнебаян  көрсетіліп,  жемқорлық  төңірегінде  әңгіме  жүргізіліп, оқушылар  «Жемқорлық  дегеніміз не ?»  сұрағына жауап беріп, ойларын ортаға  салды.

Дөңгелек үстелге  жиылған  оқушыларға   топтық тапсырмалар беріліп, олар «Жемқорлықтың  туу себептері», «Жемқорлықтың зардаптары», «Жемқорлықты болдырмау жолдары»  аясында  өзара  талқылау жүргізіп,  постерге түсіріп, көпшілік алдында  ойларын ортаға салып, бөлісті.
Шара соңында  оқушылар адалдық, парасаттылық туралы өлеңдер оқыды.  «Адал ұрпақ» еріктілер клубы  мүшелері   салтанатты  түрде  ант  қабылдап, клуб қатарында  қосылды.   Оқушылар  клубтың ашылу мақсатымен, жұмыс жоспарымен  таныстырылды.
Клуб мүшелеріне алғашқы тапсырма берілді: клубтың ұраны мен  әнін шығару.

«Адал үрпақ» еріктілер клубының жетекшісі: С.Б.Копеева

Дайындаған: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

К.М:Косанова



Просмотров: 1182

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Мектеп директоры Закенов Болатхан Нугметович

Опрос

Статистика

  • Осы айда68
  • Осы аптада17
  • Кеше8
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Қажетті сілтемелер